"

Қызылордалық тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің қауіпті жағдайына шағым білдірді.Айтуларынша кіреберістегі еденнің плитасы опырылып құлаған. Тозығы жеткен баспананың мұңын айтып,бармаған жерлері жоқ. Қабырғалары сөгіліп, жертөлелері үнемі ылғал тартып,нәжістің исі шығатын көрінеді.

РЫСБИКЕ КҮЛПЕЙІСОВА ТҰРҒЫН:  
«Үй 1962 жылы салынған. Мен мұнда 1972 жылдан бері тұрамын. Сол кезден бастап бізде бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Біз газ баллондарын өзіміз сатып аламыз. Тұрғын үйде 36 отбасы тұрады. Біз өз күшімізбен пешті өзгерте алмаймыз. Шамасы, пеш жарамсыз болып қалды». 

Қарашаның базынасын  қала әкімшілігі біледі.Бірақ әзірге уәдемен ғана шектеліп отыр. Алайда тұрғындар мұндай үйде тұру қауіпті деп санайды. Олар қажетті сараптама жүргізуді және тұрғын үйдің жай-күйін бағалауды сұрап отыр.