Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық істі алдын алды.Нақтырақ айтар болсақ,интернет желісі арқылы өзінің бүйрегін сатпақ болған тұрғынды құрықтады. Бірнеше аптаға созылған іздестіру жұмыстарынан кейін тәртіп сақшылары донырмен байланысқа шығып трансплантация жүргізу және төлем жасау туралы мәміле жасаған. Күдікті 19 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Құмар ойындарға тәуелді азамат қарызға белшесінен батқандықтан осындай қадамға барғанын айтып ақталды.Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ЕРБОЛ ДҮЙСЕМБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҰҚҚК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ақмола облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тірі адамның ағзасын сатудың заңсыз фактісін тоқтатты. Бұл жағдайда жеке тұлға өз бүйрегін тауар ретінде сатпақ болған. Осылайша, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары басқа облыстың тұрғыны анықталды, ол органды 18 мың долларға заңсыз трансплантациялауды әдейі жүргізгісі келді. Көкшетау қаласының аумағында заңсыз мәміле жасау және ақшалай қаражатты беру кезінде ұсталған. Қазіргі уақытта бұл факт Қылмыстық кодекстің 116 бөлігінің 1-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі  тергеу жұмыстары жүргізілуде».