Жаңа үкімет құрамы жасақталып жатыр. Су жаңа Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектенов тағайындалды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған ол, үкімет басшысы қызметіне бүгіннен бастап кіріседі. Мәжіліс депутаттарының 69-ы оның кандидатурасын қолдап, дауыс берген.  Жаңа басшы халықтың әл-ауқатын көтеру үшін Президент берген тапсырмаларды уақытылы орындап,батыл қадам жасайтын болады деді өз сөзінде. Олжас Бектенов басқаратын министрлер кабинеті де қайта құрылуда.

Президент жарлығымен Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігі өз орынтағын сақтап қалды. Айта кетейік, ертең Президенттің қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Су жаңа министрлер кабинеті Мемлекет басшысы тапсырмасын қаншалықты орындайды, халықтың көңілінен шығады ма? Ол жағы уақыттың еншісінде.