Соңғы жылдары Алматы облысы Райымбек ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны айтарлықтай жоғарылады. Бұл өзгерістер аудан халқының тұрмыс сапасының артуына, инфрақұрылымның жақсаруына және жергілікті экономиканың әртараптандырылуына тікелей әсер етуде.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Аудан көлемінде жол жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, тұрғын үй салу және медициналық қызмет сапасын көтеру бағыттарында бірқатар жобалар қолға алынып келеді. Өз алдына аудан болып қайта құрылған сәттен бері, әлеуметтік осал топтарға баспана бағы бұйыруда.
ҒАЛЫМ ЖУСАНБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бұл жерде өздеріңіз көріп отырған нысан құрылысы жүріп жатқан,қазіргі әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында жасалынып жатқан дүние. Бұл үйлерді салып, толық инфраструктурасымен адам тұратындай болып, дайындап біткен кезде, бюджет қаражаты есебінен, әр шаршы метрі 350 мың теңгеден сатып алып, осы ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға үйлестіретін боламыз».
Тағы бір ауыз толтырып айтарлық мәселенің бірі, аудан орталығынан бой көтеріп жатқан емхана құрылысы. 250 орындық емхана құрылысына 4,1 млрд теңге бөлінген.
РУСЛАН ЕРЛАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Салынып жатқан құрылыс нысаны 4 қабатты, яғни бұл жерде күніне 250 келушіні қабылдауға арналған емхана. Жалпы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы Райымбек ауданында халық санының аз болуына байланысты жоба үлкен болып салынған, перспиктиваға байланысты болашақта ауданда халық саны көбейген жағдайда соған жобалап жоба жасалған. Маман тапшылығы бар. Жалпы бүгінгі таңда аудан бойынша 57 дәрігер жұмыс жасайды. 232 орта медицина қызметкері жұмыспен қамтамасыз етілген.Жалпы енді бұл емханада қазір 27 дәрігер болашақта жұмыс жасайды, 58 орта бейінді медсестра жұмыс жасайды».
Салауатты өмір салтына жағдай жасау да назардан тыс қалмай келеді. Жастарды спортқа тарту мақсатында ауданға қарасты бірнеше ауылдық аймақтарда спорт кешендері бой көтеруде.
БАҚЫТКЕЛДІ ҚАЙРАТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ҰЗАҚБАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ «Қазіргі таңда біздің ауылымызда халық саны 2009, осы былтырғы 2024 жылы Сарыбастау спорт кешені толықтай пайдалануға берілген. Қазіргі таңда толыққанды жұмыс жасап тұр.13 бірлік қызмет жасайды осында 6 техперсанал жұмыс жасайды, 4 жаттықтырушымыз бар және бір меңгеруші бар.1 методист, 1 мейірбике осында жұмыс жасап қазіргі таңда 78 бала тұрақты секцияда жұмыс жасайды».
Мәдениет пен өнерді насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту — бұл ауданның әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды аспектілері. Ауылдың қара домалақтарын үйірмелерге тартып, өнерге баулыйтын ошақтар да жоқ емес.
ЕРАСЫЛ ОТАН ОҚУШЫ: «Кешегі күні ғана конкурстан келдік.2 орын алдық.Қақпақ ауылында Балауса балалар сайысы өтті.Біздің Қарасаз ауылы бірталай грамприлерді алды.Мен өзім 2 орын алдым».