" т

Бүгін Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеулер Университетінде еліміздегі агрохимия ілімінің ірі көшбасшысы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалым, ұлағатты ұстаз Елешев Рахымжан Елешұлының 85 жылдығына орай «Қазақстандағы топырақтану мен агрохимияны дамыту перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараға елімізге танымал ғалымдар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ  ҚР ҰҒА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ,ҚАЗҰАЗУ РЕКТОРЫ: «Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде 12монография,450 ден астам ғылыми зерттеу  мақала қалдырды. Рахымжан Елешұлы 60 жылдан астам үзіліссіз бір мекемеде  ҚазҰАЗУ ұстаздық қызмет атқарған».

ТАСТАНБЕК АТАҚҰЛОВ ҚАЗҰАЗУ АГРОНОМИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: «Бұл іс-шараның маңызы өте зор. Келешекке пайдалы іс-шара өтіп жатыр. Өйткені осы залда отырған студенттер,жас ұстаздар осы кісінің өмір жолын естіп,көріп отырып біз неге сондай болмаймыз,неге сол кімінің дәрежесіне жете алмаймыз деген әрқайсысы ойланады. Сондықтан жасалынып жатқан іс-шара жастарды тәрбиелеу өте үлкен маңызды деп ойлаймын».