Сағадат Нұрмағамбетов жайлы телесериал түсірілді. Генералдың өмір жолынан сыр шертетін фильм 7 мамырдын бастап отандық телеарналарада көрсетіле бастайды. Фильм Алматыда әскери жаяу институтының базасында түсірілген. Жалпы саны 20 бөлім, әр серия 40 минуттан тұрады. Одан бөлек, әскери қайраткердің биылғы 100 жылдық мерейтойына арнап өзі туған Ақмола облысы, Ақкөл ауылында сквер ашылады. Сквер төріне ескерткіш мүсіні қойылады.

ТІЛЕУХАН БАСҚОЖАЕВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚК ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Одан бөлек, Сағадат Нұрмағамбетовтің үш кітабы жаңғыртуға берілді. Алматыдағы жаяу әскери институтына, Астанада жергілікті әскери колледжге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Елорда да осы кісінің атындағы көше бар. Оның бойында мүсін қою мәселесі пысықталып жатыр. «Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай осыған ұқсас іс-шаралар өткізіледі. Кешенді жоспар Үкіметке жолданды».

Айта кетейік, Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың биыл туғанына 100 жыл. Мерейтой күллі республика аумағындағы әскери бөлімнің барлығында аталып өтіледі.