COVID-19-дан өлім-жітімнің күрт артуына байланысты Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып келеді.

Өткен жылы ҚХР билігі кенеттен барлық антикоронавирустық шектеулерді алып тастады, ал биыл қыста елде респираторлық аурулар толқыны көтерілді. Әсіресе диагностикаланбаған өкпе қабынуы кең көлемде таралды. Аурудың ауыр түрімен және өлім-жітімнің жоғары болуымен сипатталады. Бұл ретте одан балалар да, ересектер де зардап шегеді. Демографтардың бағалауынша, Қытайдағы халық саны туралы деректер көрсеткендей, 2023 жылы жаңа туылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда тоғыз миллион 560 мыңды құраған. Мұны аурулардан болатын өлім-жітіммен ғана емес, басқа да мәселелермен де түсіндіреді: қартайған халық пен бала күтіміне кететін шығынның жоғары болуы.

Бұған биліктің 1979 жылдан 2015 жылға дейінгі «Бір отбасы - бір бала» деп аталатын ұзақ мерзімді саясаты әсер етті. 2022 жылы Қытай халқы 60 жыл ішінде алғаш рет азайды. Бұл тарихи бұрылыс халықтың қысқаруының ұзақ кезеңінің басы болады деп күтілуде. Бұл Қытай мен әлемнің басқа да экономикасы үшін терең салдарға әкеледі.  Халықтың қартаю проблемасы ерекше өткiр тұр. 2035 жылға қарай 60 жастан асқан қытайлықтар 400 миллион болады деп күтілуде. Бұл - Құрама Штаттар халқынан көп. Қазір олардың саны шамамен 280 миллион. Айта кетерлік жайт, өткен жылы Қытай  әлемдегі ең халқы көп  ел болудан қалды. Бұл атақты одан Үндістан алды.