Солтүстік өңірлерде аяз әлсірейді. Бірақ, бұл жаппай елімізде күн жылынады деген сөз емес. Оңтүстік және оңтүстік аймақта -23 градусқа дейін суық болады. Бүгін Жетісу облысында күн күрт суытып, қарлы боран соғып тұр. Салдарынан облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Жауапты мамандар асығыс шаруаңыз болмаса, алыс сапарға шықпауға кеңес береді. 

АҚМАРАЛ СМАҒҰЛОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК  ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: «Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, тұман және көктайғақ болжанады.Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, ауа температурасы республиканың солтүстігі мен орталығында - түнде 22-35 аяздан 10-23 аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 аяздан 23-38 аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 аязға дейін аздаған төмендейді».