Қазақы нақышта тігілген заманауи киімдер қазір сәнге айналып келеді. Эстафетаның басында бастауыш оқушылары тұр. Олар мектепке оюлы кәжекей мен тақия киіп келуді дағдыға айналдырған.

Мына бүлдіршіндер Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясының 3ші сынып оқушылары. Олардың осындай сәнді үлгіде қазақша киімдерді киіп, білім алып жатқандарына 1 ай асқан.

ШОЛПАН ҚОШМАНОВА  АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №19 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Бұл бастама қазіргі кезде ұлттық идеялогиямызды дәріптеу. Сондықтан ұл-қыздарымыз тек қана қонаққа барғанда кимейді бұл киімді. Мектепте де киіп отырады. Бұны біз қуана-қуана қабылдадық. Балаларда мәз болып киіп жүр. Бұл бастаманы Бұл бастамаға ата-аналар қарсы болған жоқ. Бәрі бір ауыздан қолдады».

РАЯНА ЕКІБАЙ ОҚУШЫ: «Маған ұлттық киім киген ұнайды. Себебі басқа сыныптардан ерекше болып жүреміз. Өйткені барлығымыз бірдей киім киеміз. Сол себепті ұнайды.Бұл киім ыңғайсыз болған жоқ. Өйткені бұл қазақтың ұлттық киімі».

Білім үйінде 3 мыңнан аса оқушы бар. Бұл эстафетаны бастауыш сынып оқушылары бастаған. Мектеп директорының сөзінше алдағы уақыттарда басқа оқушылар мен оқытушылар да классикалық киім үлгісін заманауи этно-стильге ауыстыруды жоспарлауда.

МАДИНА АБДИЕВА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №19 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Ұлттық белгілері бар түрлі галстуктар, түрлі көйлек сыртынан киетін кәжекейлері қазір ойластырып жатыр. Және жоғарғы сыныптың ұл-қыздарымен де осы идеяны алып кетсек деген қызығушылық туындап жатыр. Ата-ана болсын, мұғалім болсын, оқушы болсын олардың әр қайсысының бізге пікірі мен ойы біз үшін құнды. Сондықтан бірге тәрбиелеп отырғандықтан олардың кез-келген көтеріп отқан дұрыс идеясы болса оны құптауға біз әрқашанда дайынбыз».

Бұл бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылығымызды жастарға насихаттау, зерделеу, жаңашылдықты қалыптастыру.