Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда салынып жатқан үйлердің сапасына енді тікелей әкімдер жауапты болады. Ақтөбе, Атырау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында құрылыс қарқыны тым төмен. Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін бар жоғы 2,5 ай қалғанын жауаптылардың есіне салды. Сондай-ақ ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Кестеден кешігуге әкеліп соғатын барлық проблемалар туралы дереу орталыққа хабарлануы керек деді. Қажет болса, үкімет ресурстарды қайта бөліп, техника мен адамдарды көбейтуге дайын. Себебі, халық бұл мәселеге алаңдап, бас қатырмауы керек. Басты мақсат - алдағы 2,5 айдың ішінде тасқыннан зардап шеккен азаматтар түгел дерлік бапсанмен қамтамасыз ету. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Сіздердің берген қағаз жүзіндегі есептеріңізден барлық су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жұмыс басталғанын көріп отырмыз. Алайда, үйлерді салу мен оларды халыққа тапсыру қарқыны әр өңірде әр түрлі. Мәселен, СҚО-да 200, Павлодар облысында 5 жаңа үй құрылысы аяқталып тапсырылыпты. Сондай-ақ жуырда Қостанай облысында 22 үй тапсырылады. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруді жеделдету үшін барлық шаралар қабылданған. Әкімдіктер қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілді, барлық кемшіліктер жойылды, салынып жатқан үйлердің үлгілік жобалары бекітілді. Деседе, кейбір өңірлерде жұмыс кестесінен 15-25 күнге артта қалушылық бар. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны өте төмен. Құрметті, әкімдер бұл жұмысты тездету керек. Басты назарға алыңыздар!»