Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – қоғамдағы парақорлықты жою жолындағы маңызды кезең. Тамыз айында Көкшетауда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылды. Аз уақыт ішінде еріктілер облыс аумағында су құбырларын тартудың барысын тексеріп, бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Сандықтау ауданына қарасты Белгородское ауылына су құбырын тартуға жергілікті қазынадан 194 миллион теңге бөлінген. Бірақ, елдімекен тұрғындарының жаңа инфрақұрылымды күткеніне 3 жылдан асқан. Әбден қажыған ауылдықтар дабыл қаққан. Сапасына да көңілі толмайтындарын жеткізіп, шағымданған.
САМИРА ТӘЙТЕНОВА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ
Күні бүгінге дейін сумен жабдықтау жүйесінің ескісі де ауыстырылмаған. Ол өз кезегінде жаңа желіні орнату кезінде жоба талаптарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Айта кетейік, осы жұмысты атқарудвң өзіне 19 миллион теңге бағытталған. Біздің тексерістің қорытындысы бойынша тұрғындар бірнеше фактіні ескерді. Бүгінде уәкілетті орган, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы тексерулер тіркеді, оның нәтижелері арқылы барлық кемшілік жойылады.