Солтүстік Қазақстандық полицейлер есірткі сатушылардан құралған ұйымдасқан топты ұстады. Күдіктілерді ұстау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді.

Аймақтық полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы зерттеген.Нәтижесінде зиянды заттардың аса ірі көлемі ел астанасынан жеткізіліп, басқа өңірлерге таратылып отырған.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Өткен жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласына Петропавл қаласына есірткі заттарын жеткізген қылмыстық топ туралы ақпаратты алды. Мамыр айында осы қалаларда қылмыстық топты анықтау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде топты басқарған адам және жеті қатысушы ұсталды».

Күдіктілерді тұтқындау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленіп алынды. Оның 81 грамнан астамы – гашиш. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен  сараптама жұмыстары аяқталды.Қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.