Төтенше жағдайлар министрлігі қар көшкінін бақылауда ұстап отырмыз, алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді. Айтуларынша, қажеттілік туындаса 115 маман мен  16 құрылым бригада  және 72 бірлік техника дайын тұр. Ал, қыста синоптиктер жаряилаған дауылды ескертуге құлақ аспай жолға шығып кетіп боранда қалған 10 мыңға жуық адам құтқарылған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров айтты.

ЖОМАРТ АСҚАРОВ ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қар үйінділерінің салдары бірнеше облыста автожолдарда кептелістің болуына алып келді. Жалпы қар үйінділерінің салдары Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының автожолдарында кептеліске әкеледі. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, дауыл туралы ескертулерді елемейтін, сондай-ақ жазғы дизельді пайдаланатын жүргізушілер негізінен қар құрсауында қалады».