"

СҚО Қызылжар қаласында 1 қазан  Халықаралық музыка күні мен «Қарттар» күніне орай  қарттар мен жастар арасында «Караоке батл» байқауы өтті. Басты мақсат - музыкаға, вокалдық өнерге деген жастардың қызығушылығын арттырып,  рухани дүниетанымын кеңейту.Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған караоке батл еркін форматта болды.  Қызылжарлық тұрғындар ән салып, би билеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Жарыста оза шапқан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ «Қаламыздың өнер коледжінен келген жастар, «Ардагерлер» кеңесінің мүшелері  2 командаға бөлініп, бір-бірімен жарысты. Бұл мереке тек қана Қарттар күні аясында ғана емес, өздеріңіз білетіндей 1-қазан – «Халықаралық ән күні». Іс-шара аясында олар бір-біріне назар аударып, бір-бірінің көңілін көтеру мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз».

Жастар бөлімі алдағы уақытта  көптеген  игі шараларды, оның ішінде акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Соның нәтижесінде қарттарға әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тағамдары көмек ретінде беріледі.