Семейде биыл жөнделуі тиіс аулалардың тек 10 пайызға ғана дайын. Былтыр құжат жүзінде аяқталып, бірақ әлі салынбаған он шақты ойын алаңдары анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары мәлімдеді. Айта кетейік биыл қаладағы 70 ауламен саябақтарды аббатандыру үшін қазынадан 2,4 млрд теңге бөлінген.

Көлік  тұрағына айналған мына алаң құжат бойынша былтыр салынып бітіп, тиісті мекеменің қабылдауынан өткен. Көріп тұрғандарыңыздай шаңы шығып жатыр. Түсірілім тобын байқаған жергілікті тұрғындар бірден базыналарын айтып, шағымдарын жеткізді.

РИНАТ МАМЫҚАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қағазбен бәрін жазып, бәрін істеген,бәзбіреулер акт-ға қол қойған.Ал бірақ жоқ! Енді оны мемлекетте қарау керек қой».

Балаларға арналған ойын алаңы мен асфальт төселуі тиіс бұл аулада ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Мұндай арыздар тиісті мекемелерге бірнеше көшенің тұрғындарынан келіп түскен.

АҚНҰР ҚАЙРАТҚЫЗЫ “ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ ОРТАЛЫҒЫ “ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ЖКХ бізге жауап беріп отыр барлығы қабылданған, қазір толықтай қабылданып алынған, барлық жағдай жасалды дейді. Бірақ көріп тұрғаныңыздай қазір 2023 жыл ешқандай жұмыс жасалмаған».

Қала билігі мәселені көріп, біліп отыр. Тиісті мекемеге жаңа басшы жақында ғана тағайындалған. Сондықтан арызданушыларға ол жаңадан келгенмін деп қысқа жауап қайырған.

ЕРНАЗ МҰҚАТАЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БАСШЫСЫ: «Былтырғы жыл бойынша бізде мердігер «Алтын жаңбыр» дейтін организация болды. Солар мысалы үшін бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10-12 аула бойынша дефектовкалар жасалды. Шығындар саналды. Қазір материалдар сотқа дайындалып жатыр».

Ал мына аула бір айдан кейін толық жөнделіп тапсырылуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  тексеріс жүргізіп,  жұмыстарынан өрескел қателіктер тапқан.

МАДИЯР  БАЙТАБАНОВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Мән жайды анықтау кезінде сегіз нысан бойынша 350 млн теңге қаражат бөлінгені анықталды. Оның жаңағы бөлінген қаражаттың 40 пайызы игерілгенмен нақты атқарылған жұмыс он пайыз шамасында ғана болған. Бұдан бөлек осы аталған сомаға жасалынған келісім шарт әу баста заңсыз болғаны белгілі болды.Үкімет қаулысының бекітілген тізбеге сәйкес шектеу 50 млн сомасы болғанымен,бұл жерде қаражат 7 есеге асып кеткен».

Қалалық әкімдіктегілер биылға жоспарланған 70 ауланың 62-сі толығымен аяқталатынын алға тартты. Ал қалған сегізі кесте бойынша 15 қазанға тапсырылады деп сендірді.