СҚО-да өткен жеті айда 231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан,  21 адам қаза тауып, 315-і жарақат алған. Оқиғаның 130 дан астам фактісі жүргізушілер  кінәсінен болған. 

Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі ереже сақтамау салдарынан болады. Жалпы өңірде жол ережесін бұзғаны үшін 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 6953-і белгіленген жылдамдықты асырса, 660 жүргізуші көлік тізгінінде мас күйде болған. Сонымен қатар, 19 мыңнан астам жол ережелерін өрескел бұзудың фактісі тіркелді. 

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ  БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ел аумағында жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында 26 тамыз бен  6 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар! » акциясы өтіп жатыр.  Осы іс-шара барысында патрульдік бағыттар білім беру ұйымдарына жақындатылады, әкімшілік полиция қызметкерлері жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде жол желісінің және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына  тексеру жүргізеді.

Айта кетейік, өткен жеті  айда балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан,  1 бала қаза тауып, 65-і жарақат алған. Сол себепті де, полицейлер жол ережелерін қатаң сақтап, абай болуға шақырады.