Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл, Чернобыль апатына 37 жыл толды. Еліміз егемендікті алғанда атом қаруынан бас тарту туралы қаулы қабылдады. Осылайша елді дүрліктіріп, жерді сілкіндірген жарылыс аймағына қара құлып салынды. Бүгін Талдықорғанда "Радиациялық апат құрбандарына" арналған ескерткіш ашылды.
Қазақ жеріндегі нәубеттің бірі - Семей ядролық полигоны. 1949 жыл. 29 тамыз. Таңғы сағат 7. Ешбір ескертусіз алғашқы атом бомбасы сынақтан өтті. 40 жыл уақыт ішінде аумақта 456 рет дүмпудің дыбысы естілді. Жарылыстан жан тапсырғандардың саны әлі де белгісіз. Ал, 1986 жылы Украинада атом-электр стансасының төртінші блогы жарылды. Апатты залалсыздандыруға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Араға жылдар салып Жетісу жерінде қос апаттың құрбандарына арналған алып ескерткіш бой көтерді.
ТОЛЫБЕК ДАНАБЕКОВ СЕМЕЙ-ПОЛИГОН МҮГЕДЕКТЕР ЖӘНЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Үлкен шара болып жатыр. Өйткені көріп тұрғандай артымызда Семей-Чернобыль ардагерлері құрбан болған үлкен ескерткіш ашылып жатыр. Осы ескерткішті ашуға жаңа айтып кеттім, облыс әкімі қаланың әкімі қаланың акиматтың жұмысшылары үлкен үлес қосып, бүгінгі күні ашып жатырмыз. Қазақстанда теңдесі жоқ қандай биік ескерткіш Біз бүгін өте қуаныштымыз. Мына жерге келіп, тағзым етіп гүлімізді қойып келіп еске алатын орын деп ойлаймын».
Рухани шара апат құрбандарына тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан басталды. 1 минут үнсіздік жарияланды. Мұнан соң, оқушылар сарайында салтанатты жиын өтті. Онда Талдықорған қаласы әкімінің "Құрмет" грамотасымен Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері марапатталды. Сондай -ақ, жетісулық бір топ азаматқа «Семей – Полигонының жабылуына 30 жыл» төсбелгісі табысталды.
«Ел бастап отырған азаматтарды, даналарымды сақта. Бала шағасын сақта, өмірін сақта. Келешегіңді сақта Алла баласымен сақта, жеріңді данасымен сақта елінді құдіретті осындай азаматтармен сақта».
Құрбандарға арналып, Жеңіс саябағында бой көтерген ескерткішке облыстық бюждеттен 90 млн жуық қаражат бөлінген. Ескерткішті орнатуға 1,5 айға жуық уақыт кетті. Бұл атом энергиясының адамзатқа әкелген қасіретін ескеріп, тарихтан сабақ алуға бағытталған шара дейді қала әкімі.
ЕРНАТ БӘЗІЛ ҚАЛА ӘКІМІ:
«Әркім өзінің тарихын білмесе, ел өзінің тарихын білмесе бұндай елде болашағы болмайды. Сондықтан тарихты біліп отыру керек. Кезінде сондай апат болды. Мына Қазақстан елімізге бағанада айтып отыр 25 мың солдаттан барғаннан бүгінгі күні 4-ақ мыңы қалыпты. Сондықтан бұл үлкен зиян келтірді біздің халыққа. Сондықтан өздері баратын зәулім скульптура қойылған. Бүгін осы бекітілдік, ашылдық соған міне куәгер болып отырмыз».
Адамзат баласы үшін ядролық қару қаупі әлі сейілген жоқ. Оны тоқтату үшін де түрлі саяси дипломатиялық шаралар жүріп жатыр. Қазақстан – жойқын атом қаруының зардабын ең көп тартқан және одан өз еркімен бас тартқан ел.
Талдықорғанда семей ядролық полигоны құрбандарына арналған ескерткіш бой көтерді
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 624 рет қаралды