Теміртауда 27 жастағы ер адамға оқ атқандар ұсталды.Олар 27 мен 31 жас аралығындағы үш азамат. Үшеуі де сол қаланың тұрғындары екені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған болатын. Осы видеодан кейін полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды».