"

"ТЖД Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына 2023 жылғы 21 мен 23 қараша аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі барын ескертті. «Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің ықтималдығына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.Алматы облысының аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін 55 аумақ бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан», - делінген ведомствоның Telegram-каналындағы хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған болатын. Алдағы үш күнде елдің басым бөлігі белсенді циклонның құрсауында болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, қар күтіледі.

Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді, солтүстік бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады."