Ұлытау облысында жол жөндеуге деп берілген ақша жетпей қалған. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар бірнеше жол аяқсыз қалды. Әсіресе, Қызылорда-Жезқазған арасы. Қызылорда жағы жұмысты толық аяқтаған, ал Жезқазған бөлігінде болса, жұмыс тоқтады. Арқалық пен Ұлытаудың арасыда мәз емес. 200 шақырым жол мүлдем жоқ. Сондықтан, өңір әкімдігі Үкіметтен қолдау сұраған. «Азия Даму» банкінен қарыз берілсе, аталған жол құрылыстары келесі жылы басталады. Бұл туралы бүгін орталық коммникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты. Сондай-ақ әкім өңірдегі діни ахуалды тілге тиек етті. Айтуынша, облыста радикалдық ошақтар жоқ. Сириядан келгендермен қызу жұмыс жүруде.
БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Ағарту жұмыстарын жүргізу. Біреулердің ықпалына түсіп қалған отбасылар бар, әйелдері бар, балалары бар тек ағарту жұмысы. Ахуал тұрақты деуге болады. Неге олай басталып кеткені жөнінде себебін айта алмаймын. Арнайы органдардың бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бізге беріп отырған ақпараты бойынша ахуал тұрақты. Тұрғындарымыз ресми дін жолында деп айтуға болады. Өз ұстанымында жүрсе де қоғамның тәртібін қабылдап, заң бұзып жатқан жоқ».