Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Ол мемлекет басшысынан кешірім беруін өтінген болатын. Мәсімовтың ол өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралып, қанағаттандырылмады. Айта кетсек, 2022 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған еді. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды.

Кәрім Мәсімов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы деген күдік бар. 2023 жылдың сәуір айында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды.