"

Қарағандыдағы зауытта болған өрттен зардап шеккен жұмысшының біреуі қайтыс болды. Бақилық болған қызметкер небәрі 31 жаста еді. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған. Содан ағза өте ауыр антишок алған. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысса да оның хәлі тым нашар жағдайда болды. Әдетте, дененің жартсынынан көбін терең күйік шалғанда адамның аман қалуы екіталай дейді бас дәрігер. Қайтыс болған жігіттірің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтқан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккен ер адамның ауруханаға жедел жәрдем көлігімен емес, неге жұмыс көлігімен апарғанына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы бас дәрігерден казинформ тілшілері үкімет отрысынан соң өткен брифингте сұраған болатын. 

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Егер жедел жәрдем келсе, бірінші кезекте шокқа қарсы ем жүргізу керек еді. Бірақ біз жағдайды ескере отырып, тезірек әрекет етуді ұйғардық. Өйткені әр секунд маңызды болды, тезірек емханаға жеткізуге тура келді. Бұл өте қажетті шара болды. Жұмыс көлігімен жеткізу кері әсерін берген жоқ, қайта дұрыс шешім болды».  

Айта кетейік, ферроқорытпа зауытындағы өрттен 8 адам зардап шеккен болатын. Оның біреуі қайтыс болды. Қалған бесеуінің де жағдайы мәз емес, жансақтау бөлімінде жатыр. Астанадан травматолог және анезтиезолог дәрігерлер дереу ұшып барып, науқастарға ем-дом жасауда. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.