Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдеріне өзара негізде кедендік баж салығын енгізіп жатқан 185 елдің тізімі бар кестелерді жариялады. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Салықтың өсуіне не себеп болуы мүмкін, сарапшы маманның пікірін білген едік.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ «Жалпы Трамптың Қазақстанда баж салығын арттыруы біздің тікелей жалпы өзіміздің сатылымымызға ешқандай аса бір ықпал бермейді, себебі біздің Америкаға сатып отырған тауарларымыз дайын тауарлар емес шикізат. Негізінен бұл ферроқорытпалар, уран және мұнай. Ал олар АҚШ-ның негізі өзіне керек тауарлар болып саналады.Оның ішінде тонтал бар сирек кездесетін метал. Сондықтан олар Баж салығынан түгел босатылған.Сондықтан бізге ешқандай бір әсері жоқ.Біздің тауарлар Баж салығын төлемейді өйткені біздікі дайын тауарлар емес, шикізат».
Сарапшының айтуынша Трамптың Қытайға салынған Баж салығы және Еуро одақпен болып жатқан арадағы қатынас, әлемдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, мұнай бағасының құлдырауын туғызуы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік 10 пайыздық базалық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар елдер үшін 9-нан бастап күшіне енетіні хабарланды. Трамп тарифтердің мөлшерін өзгерте алатынын да ескертті.