Биыл соңғы қоңырау соғылу күні жексенбіге сәйкес келгендіктен 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 және 24 мамырда өтті.Алматы қаласындағы №211 мектеп гимназиясында алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан түлектерге арналған Мектебім,саған мың алғыс атты салтанатты шараға қатысып қайтқан едік. 

Кезекті оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылу мерекесі мектеп түлектері мен қатар ұстаздар үшін есте қалар ерекше күн. Ұстаздардың ұйқысыз еңбегі мен табанды қажырлылығының арқасында биыл білім ошағында 6 түлек алтын белгі иегері атанған. Білім нәрімен қанаттарын қатайтып,ұясынан ұшырып отырған мектеп ұжымы шәкірттерге ақ тілектерін арнады.

ҰМСЫНАЙ ЖАНДАРБЕКҚЫЗЫ, №211 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ -ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МЕҢГЕРУШІСІ

Түлектерді білім мен қоса тәрбиенің тал бесігіне айналған мектебін қимас сезімі толқытып жүрекжарды әндерін орындады. 

Мектеп оқушылары облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Түлектер білім нәрімен қанатын қатайтып ұшырған алтын ұя мектебіне қимастық сезімімен қатар алғысын арнады.

БОТАГӨЗ АЙБЕК,  ЖАС ТҮЛЕК

Бұл күн тілегі бір,қуанышы ортақ ата-аналар үшін де маңызды саналады.

АТА-АНА

Шарада түлектер үшін мектеп қабырғасындағы соңғы, балалықтан аттап есейген шақты сезіндіретін,жаңа өмір баспалдақтарына қадам басқанын білдіретін қоңырау үні соғылды.