Даналық пен даралықтың тізгінін ұстаған қазақ зиялысы , халқының рухани ұстазы, ойшыл ақын- Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Тұлға тұғыры:АбайLab оқу әдістемелік құралының тұсаукесер рәсімі өтті. Толығырақ тілші бейнематериалында.

АбайLAB" оқу әдістемелік құралы бұл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын тереңірек зерттеуге, түсінуге және насихаттауға арналған инновациялық әдістемелік нұсқаулық. Абай мұрасын оқыту, дәріптеу, барысында математика бағытында және ЖИ қолдану барысында функционалды тұрғыдан зерттеу.

МАЙРА МӘЛІК, АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТА  МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: «Ұлт руханиятының негізін қалаған,кемеңгер тұлға,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.180 жылдыққа орай көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп,ақтарылып жатыр.Менің пән мұғалімі ретінде,ғалым ретінде қосатын үлесім Абай мұрасының тың,жаңа қырынан қарау,пәнаралық байланысты орнату.Қазіргі уақытта Абай мұрасын зерттеуге,дәріптеуге қатысты,тәжірибе тарату мақсатында көптеген шаралар бар.Менің авторлық жобамның  негізгі мақсаты:Абайды математика тілінде сөйлету,Математиканы Абай тілінде сөйлету.Абай мұрасын математикалық есептер арқылы оқушыларға түсіндіру.Яғни,пәнаралық байланыс жасап,интеграция орнату».

Абай мұрасын жаңа тұрғыдан қарастыру - Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, аудармаларын және оның философиялық ойларын дәстүрлі оқыту әдістерін, сондай-ақ жаратылыстану бағытындағы пәндерді Абай ілімімен қатар суреттеуге, вербалды тест, заманауи мақал-мәтелдер үлгісін жинақтап, оқытушыларға ұсынылған әдістемелерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

ГҮЛМИРА ТАЙГАРИНА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, мектебіміздің шебер педагогы, Ы:Алтынсарин төс белгісінің иегері, үздік ұстаз Мәлік Майра Мәлікқызының бастамасымен, авторлығымен мектепте Тұлға  тұғыры Абайлаб деген оқу-әдістемелік құрал шығып отыр.Бұл оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты- жаратылыстану бағытындағы пәндерді Абай ілімімен сөйлете білуінде».

Бұл оқу-әдістемелік құрал- Қазақстанның білім беру жүйесінде Абайтануды жаңа деңгейге көтеруге, жастардың ұлы ойшылдың мұрасына деген қызығушылығын арттыруға және оның идеяларын бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелермен байланыстыруға бағытталған маңызды бастама болары сөзсіз.