Тұғырлы елдің болашағы, жастардың патриоттық тәрбиесіне байланысты.Осыған орай, Алматыда Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің ардагерлері Панфилов саябағына барып гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Айта кетейік биыл Кеңес әскерінің Германия жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Сонау қиын-қыстау заманда интернационалдық борышын орындауға барған қазақ сарбаздары өздеріне жүктелген міндеттерін мүлтіксіз орындап, азаматтық парызына жауапкершілікпен қараған еді.Бүгінде олар ел ағаларына айналып,жастарға Отан сүйгіштік бағытта тәлім-тәрбие беріп келеді.
ҚҰРМАНҒАЗЫ ТАСТАНБЕКОВ ГКӘТВКӘТ АРДАГЕЛЕРІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ
Ардагерлер қазіргі жастардың ойында отан деген ұғым бірінші тұруы керек, дейді. Өйткені Тәуелсіз елдің ұрпақтары, мемлекеттің кемел келешегіне жауапты.Олар елімізде әр қашан бейбітшілік болса екен деп тілейді.
ЗЕЙІНҚҰЛ ТОЛЫБАЙБАТЫР ГКӘТВКӘТ АРДАГЕРІ