"

Астананың оң жағалауындағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп пышақтап, келушілерге суық қаруды сермеген. Сарыарқа ауданының мешітінде полиция пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Бейне роликтен ер адамның беті қанап кеткенін байқауға болады, ол қара шапан киіп алған. Полиция қызметкерлері оны қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасап жатыр. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған. Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша күдікті психикалық диспансерде есепте тұрады.

ДАНИЯР ЖАНҚҰЛОВ- АСТАНА ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫ ПБ БАСШЫСЫ: «102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады"