Кениялық Беттің биыл  тағы да еккен жүгерілері ойдағыдай щықпады.  Бірақ оған ол ренжімейді. Алқаптың  жартысына арнайы зат  себілген. Ал бұл пайдаға кепілдік береді.

БЕТ ВАНДЖИРУ – ФЕРМЕР: "Жүгері өсіру маған айтарлықтай шығын әкеледі, егер құрғақшылық - егін болмаса, жаңбыр құйса, жинайтын ештеңе жоқ. Бірақ кене отырғалы бері жақсы пайда табамын. Қатты жаңбыр жауады ма, әлде құрғақшылық тұрса да, мен бәрібір егін жинаймын ".

Тек Бет қана емес, басқа да көптеген кениялық егіншілер енді кенегүл өсіруді жөн көреді. Себебі егуі оңай.  Бұл өсімдіктің тұқымын италиялық Eni мұнай-газ компаниясы сатып алған. Олар биоотын өндірісі үшін қажет. Бастама мақта өндірушілер үшін де ұтымды нұсқаға айналды. Әдетте оларға барлық өнімді сату қиын.

ПИТЕР КИНГУ -  MAKUENI GINNERIES КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
"Бізде мақта тұқымының басым бөлігі босқа кететіндей проблема болды. Бірақ шамамен екі жыл бұрын Eni компаниясы келіп, бізбен мақта тұқымын жеткізуге келісімшарт жасасқан болатын ".

Енді кениялық компания барлық өнімді сатып алып отыр.Шаруаларға кротон тұқымдарын жинау да тұрақты табыс әкеледі.

ЛЮСИ ЛАУ БИГЭМ – КРОТОН ТҰҚЫМЫН САТУШЫ: "Бізде мұндай ағаштар мен бұталар көп, енді адамдар олардан пайда көреді. Ал бұрын кротонның ешқандай құндылығы жоқ еді. Ол барлық жерге тұқым шашып, арамшөп ретінде өсуімен танымал ".
 
Тұқымды Кениядағы зауытта өңдейді. Сосын биоотынды Италияға жібереді. Оны автомобильдер мен ұшақтарға жанармай құю үшін пайдаланады. Кенияда екі жыл ішінде компания 15 мың тонна экологиялық отын өндірген. Мамандардың айтуынша, биоотын көмірқышқыл газының шығарындыларын 80% -ға дейін төмендетуге көмектеседі. Сарапшылардың айтуынша, оны кең ауқымда енгізу әзірге мүмкін емес. Өсiмдiк негiзiнде экологиялық отын өндiру қымбат.