«Рахат» кондитерлік фабрикасының кәмпиттері біздің елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелде де танымал. Әсіресе, Ресей, Өзбекстан, Германия, Моңғолия және Қытайда сұраныс жоғары. Жаңа жыл қарсаңында қандай тәттілер әзірленіп жатыр? Біздің түсіру тобымыз біліп қайтты.
Өңірлік коммуникациялар қызметі бұқаралық ақпарат өкілдеріне «ЛОТТЕ Рахат» фабрикасына экскурсия ұйымдастырды. Баспасөз туры барысында журналистерге жаңа жылдық сыйлық жинақтары қалай жиналатынын көрсетті. Айтпақшы, фабрикада мерекеге дайындық қыркүйекте басталып, желтоқсанның ортасында аяқталады.
МАРИНА КРЕСТЬЯНСКАЯ «ЛОТТЕ РАХАТ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ « Жаңа жылға арналған тәттілердің ассортименті жыл сайын өзгеріп отырады, жаңа жылдық жиынтықтар наурыз айынан бастап бекітіледі. Ең көбі жаңа жылдық жиынтықтардың 64 түрі болды, биыл 36- ы түрі таңдап алынды.Бұл әртүрлі салмақтағы калькуляциялардың жаңа жылдық жиынтығы».
Сонымен қатар фабриканың корпоративтік қайырымдылық қоры бар. Қор жыл сайын балалар үйлеріне және мұқтаж жандарға сыйлықтар жасайды. Биыл 6000-ға жуық жиынтықпен қамтамасыз ету жоспарлануда. «Рахат» кондитерлік фабрикасының кәмпиттері біздің елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелде де танымал. Ресей, Өзбекстан, Германия, Моңғолия және Қытайда сұраныс жоғары. Ал, кәмпитке арналған шикізатқа келер болсақ, әртүрлі елдерден әкелінеді. Негізгі ингредиент-шоколад өндіруге арналған какао бұршақтары Ганадан жеткізіледі.
МАРИНА КРЕСТЬЯНСКАЯ «ЛОТТЕ РАХАТ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ «Бізде какао бұршақтарын бастапқы өңдеуден өтеді, яғни біз ешқандай шоколад массаларын, глазурь дегендерді сатып алмаймыз, бәрін өз өндірісімізде, таза какао майында өндіреміз».
Фабриканың тәуліктік өндірісі орта есеппен 150-180 тоннаны құрайды. Жұмысшылар үш ауысымда жұмыс істейді.