Умраға барамыз деп ниеттеніп қыруар қаржыларын аударып,соңында алданғандарын білген еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары сан соғып қалды. Бас-аяғы 30 дан астам тұрғындар ақшамызды қайтарып берсін деген талап қойып отыр. Тақырыпты толығырақ тарқатсақ.

Қасиетті мекенге аяқ басып,мұсылмандық бір парызымызды орындасақ деп қуанған көпшіліктің қуаныштары су сепкендей басылған. Әлеуметтік желі арқылы жарнамалары жер жарған тур агенттіктің ешқандай да билет алып, осы күнге дейін қызмет көрсетпегенін кейіннен ұшу уақыты келгенде бірақ біледі. 

ГҮЛНҮР СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
 
ЖАМАЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

Амалдары қалмаған олар Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсірген. Үш күннен бері полиция бөлімшесінің табалдырығын тоздырдық деген тұрғындар аталмыш іс бойынша көңілдері толмайтындықтарын айтады.

ГҮЛНҮР СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

БАЯН ИМАШЕВА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Алданғандардың арыз шағымы бойынша полиция департаментіне сұрау жолдаған едік. Кәзіргі таңда барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын,күдіктілердің қамауға алынғанын мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ