Алматы облысының Құрметті азаматы,ұлт жанашыры, спорт ардагері Сейітқали қажы Ыбытаевтың құрметіне бокстан жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.Толығырақ тілші бейнематериалында.
Жарыстың мақсаты- Алматы облысында және жалпы Қазақстанда жастар боксын насихаттау және дамыту, спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе жинап, біліктілікті арттыру.
ЕРБОЛ ҚҰЛЖАБАЕВ, ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Жарысқа облысымыздың әр түкпірінен 10 шақты команда қатысып отыр. Әр өңірден командалардың деңгейі өте жоғары. Тартысты жекпе-жектер өтіп жатыр. Атамыздың жалпы еңбек жолы өскелең ұрпаққа үлгі болатындай үлкен азамат.Спорт саласында да, рухани саласында да елімізге еңбек етіп келе жатқан Сейітқали атамыз бұл кімінің болашақ ұрпаққа берер өнегесі өте көп».
ЕЛАМАН ЖҰМАШЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АҒА БАПКЕРІ «Серік атамыздың жарысы осымен 7 рет ұйымдастырылып жатыр.Бұл жарысты 2023 жылы облыстық каленьдарға кіргізген болатынбыз, сол кезден бастап қазіргіге дейін 1-2-3 орын алған спортшыларға спорт шеберіне үміткер атағы беріліп жатыр.Жылдан-жылға жарысымыздлың деңгейі көтеріліп жатыр.Бұйыртса ендігі жылы халықаралық деңгейде өткізсек деген арман мақсатымыз бар».
Сондай-ақ жарысқа аудан әкімі, спорт шеберлері, халық қалаулылары жиналды. Олар Сейітқали қажы Ыбытаевты құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, марапаттарын табыстады.
СЕЙТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, СПОРТ АРДАГЕРІ: «Болашақ осыларда , болашағымыз жарқын болсын, патриоттық балалар осылай тәрбиеленеді.Елімсіздің көк туын желбірететін азаматтар осылар, бақытты болсын. Рақмет халқыма, еліме аман болып тұрыңыздар».