Өмірін ұлтының болашағы үшін арнап қызмет еткен тұлғаларымызды ұрпаққа үлгі етіп тәрбиелеу үлкен парыз.Осыған орай мемлекеттік және қоғам қайраткері, жазушы, партизан ҰОС батыры Әди Шәріповтың  112 жылдығын мерекелеу қарсаңында "Халық бірлігі - мызғымас бекініс"атты зияткерлік марафон салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.

Әди Шәріпов 1912 жылы 19 желтоқсанда Семей облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. Ғибратқа толы ғұмырында ұстаздық қызмет атқарды, ұлы отан соғысында қан кешіп жүріп отанын қорғады. Соғыстан кейін Ә.Шәріпов ҚазКСР ағарту Министрінің орынбасары, республиканың ағарту министрі, ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Ә.Шәріпов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болды. Іс -шара аясында  Әди Шәріповтың жұбайы  Клара Жағыпаровнаның мұрындық болуымен ашылған мұражайға экскурсия жасалды. Мұнда қойылған әр зат өз тарихымен құнды.

КЛАРА ЖАҒЫПАРОВНА ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ

Әди Шәріпов «Партизан қызы», «Тон», «Алыс жағалаулар», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Арбасу», «Шипагер» және т.б. повестердің авторы. «Орман хикаясы» көркем фильмі «Партизан қызы» өмірбаяндық әңгімесіне негізделген. Мұражайға қойылған барлық кітаптар білім ошағының игілігі болып табылады.Жиында "Жақсылыкқа –жаралған  жүрек атты" музыкалық бағдарламасы  өтті. Жалпы іс шараның мақсаты: Оқушылардың бойында  Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу. 

ӘСЕМ СЕЙСЕНБАЕВА ӘДИ ШӘРІПОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 
Әди Шәріповтың өмірі мен шығармашылығы патриотизмге тәрбиелеудің жарқын үлгісі болып табылады.