Өскелең ұрпақты дәстүрімізді дәріптеп,ұлттық құндылығымызға сусындатып тәрбиелеу бағасын болашақ берер ауқымды жұмыс. Халық мұрасы ән өнері және күй өнерімен рухани дамып жатқан жастарымыз тыңдарман қауымға өз өнерлерін паш етті. Тәрбиенің тал бесігін тербеткен шара жайлы толығырақ тарқатсақ.

Өткен тарихымызды баяндайтын, бабаларымыз өнер қоржынына салып.аманаттап кеткен әнмен күй өнері бейбіт елімізді еркіндіктің әуеніне бөледі бүгін. Бабалар сазы ұлттық өнер орталығының төл шәкірттері Халық күйлерін,Құрманғазы,Дина Нұрпейісова мұраларын қасиетті қара домбыра мен жетіген аспаптарында ойнап, әуезді әндерін де шырқады. Бүгінгі таңда бұл өнерді жастар арасында насихаттау ұрпақ сабақтастығының кепілі дейді ұйымдастырушылар.

БІРЖАН БӘЗІЛЖАН «БАБАЛАР САЗЫ» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Ән мен күй өнері тек көңіл көтеру ғана емес,ол тәрбиенің танымның,рухани байлықтың қайнар көзі дейді ұстаздар.

АЙНҰР МОЛДАШОВА «БАБАЛАР САЗЫ» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДОМБЫРА ПӘНІНІҢ ҰСТАЗЫ

Дәстүрімізді дәріптеу,өз тілімізді,мәдениетімізді құрметтеу. Сондықтанда бұл өнерді жаңғыртып келер ұрпаққа жеткізу ұлтқа қызмет ету.