Әйеліне жұдырық жұмсаған Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік іс аппеляциялық сотта қайта қаралды. Айыпталушының жазасы - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді.

Рахат Тұрлыхановтың апелляциялық соты офлайн және ашық өтеді деген соң қалалық сотқа бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі келді.Тіпті журналистерді сот залынада кіргізді. Кейін айыпталушы мен жәбірленуші судьядан апелляциялық соттың жабық режимде өтуін сұрады. Прокурор мен экс-әншінің қорғаушысы да ерлі-зайыптылардың өтінішін құптады.Судья Қанат Молдашев Рахат Тұрлыхановтың ісін жабық режимде қарау туралы шешім қабылдады.

Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша, сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.