Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі. Бағдат Қарасаевтың ісі Іле аудандық сотында судья Жанмұрат Батыровтың төрағалығымен өтуде. Бұрынғы аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданы әкімімен қатар бірнеше тұлғаны қамауға алған болатын.

Кейін бақылаушы орган бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдаған болатын.