Сапарға шығар алдын туроператор таңдауда абай болыңыз! Қазақстанда заңнама талаптарына сай келмейтін 7 тур агенттіктің жұмысы тоқтады. Олар лицензияларынан айырылды. Сондықтан, алданып қалмас үшін сапарыңызды жоспарлар кезде алдымен Туризм және спорт министрлігінің сайтына кіріп тізімді бір тексеріп алыңыз. Бұл туралы аталмыш ведомствоның Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Мейіржан Әуезов айтты.

МЕЙІРЖАН ӘУЕЗОВ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Атап айтқанда олар келесі туроператорлар: Хадж Travel, TBB TOUR, ЛС тур, «Бархатный сезон» сонымен қатар Сұлтан Хаджа Travel. Олар заңның ҚР Туризм қызмет туралы заңның 27,3 бабында көзделген міндеттемесін орындамаған. Ресми тур оператор мен тур агенттіктердің тізімін ҚР туризм және спорт министрлігінің сайтынан, «е-лизнеция» порталынан көруге болады».