"

Қазақстанда өндіріс жақсы дамып келеді. Жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Айталық, жыл басынан бері елімізде 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, соның арқасында 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, құрылыс материалдары, қысқасы барлық салада өсім бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. 

МЕРУЕРТ ИБРАЕВА ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Инвестиция көлемі шамамен 569,9 млрд болса, жаңа тұрақты жұмыс орындарының саны 6,9 мыңға жетті. 2024 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда металлургия өнімінің өндірісі айтарлықтай өсті, 54,2%-ға артты. Бұл өсім ферроқорытпалар -17,8 пайызға, өңделмеген алюминий -17 пайызға, өңделмеген қорғасын-15,1 пайызға және тазартылған мыс өндірісінің-15,6 пайызға және тағы басқа өндірісті ұлғайту есебінен қол жеткізілді. Қазақстан қара және түсті металдардың ірі экспорттаушысы болып табылады. Металлургия экспорты соңғы 5 жыл ішінде 39 пайызға яғни 10-нан 13,9 АҚШ долларына дейін өскен. 2024 жылдың алғашқы 4 айында металлургия саласының экспорты 8,3%-ға өсіп, $4,7 млрд-қа жетті. Ал, жеңіл өнеркәсібіне тоқталсақ. 2024 жылдың 6 айында жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталындағы инвестициялар 4,2 млрд теңгені құрады. Өнім өндіру көлемі 95,7 млрд теңгені құрады. 11,5 пайыздық өсім киім өндіру саласында байқалады».