Қорғаныс министрлігі неге сарбаздарды қорғай алмай отыр. Бұл жолы Теңіз жаяу әскерін дайындайтын еліміздегі жалғыз әскери бөлімнен шу шықты. 25/744 әскери бөліміндегі оқиға қоғамда толқыныс туғызды. Ақтауда сарбаздарды ұрып-соққан командир жұмыстан босатылатын болды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.                                                                                                                                                           
Маңғыстауға әскери борышын өтеуге келген 5 сарбазды ұрыпқ-соққан командирдің әлімжеттік ісі дәлелденді. Қылмыстық істе бірнеше эпизод бар. Мәселен, ант беру рәсімінде командирдің аты-жөнін шатасып айтқан сарбаз оңбай таяқ жеген. Тағы бір жағдайда қатарға тұруға кешігіп келген сарбаздың бетінен жұдырықпен ұрып, орындықпен бірнеше рет соққыға жыққан.Қазір айтулы жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

ТИМУР АҢДАМАСОВ, БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен, екі жақтың татуласуымен іс қысқарды. 5 жәбірленуші де кешірім беретіні тұралы мәлімдеді. Командир өз кінәсін мойындады. Аталмыш дерекке қатысы бар взвод командирі мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан шығарылатын болады».  

Сот шешімі күшіне енгенше командир қызметінен шеттетілді. Әрі қарай, әскери прокурорлардың ұсынысымен қызметін асыра пайдаланған әскеридің тағдыры шешілетін болады.

«Қазіргі біздің мемлекетіміздегі әскерге көңілім толмайды.Себебі әлеуметтік желілерден көріп, жақындарымыздан естіп жатырмыз, балалар барғысы келмейді. Ұрып-соғу көп. Біздің әскери жүйеге тәртіп керек. Дұрыс қаралу керек. Ата-ана балаларын жібергісі келмейді».

«Біздің әскерді қатаң тексеру керек. Жаңалықтарды ашып қалғанда балаларды ұрып-соққанын естиміз, одан қалса өліп жатқанын естиміз Сол себепті болашақта балаларымызды әскерге жіберуге қорқып қалдық. Қатаң заң қабылдаса дейміз».

Аталмыш әскери бөлімнің басынан дау артылмай келеді. Осындай сипаттағы жағдайда тағы бір сарбаз соққыға жығылды деген арыз түскен.Аталмыш әскери 12 наурыздан бері ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.