Қызылордадағы жеке балабақшалардың бірінде бүлдіршін жәбір көрді. Салдарынан баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Нақтырақ айтқанда, 15 қыркүйек күні қалалық Полиция басқармасына жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, балабақшадағы бейнежазбалар тәркіленді. Сот сараптамаларының нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген.

Қазір  сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде. «Сондай - ақ, ҚР ҚПК-нің 200  бабына сәйкес (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды».

АЙДАР ҚАСАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ