Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 23 маусым «Қазақстан күні» мерекесі қарсаңында учаскелікполиция инспекторларына отандық су жаңа «Jac JS4» маркалы 18 бірлік қызметтік автокөліктері берілді.
Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы және полиция генерал-майоры  Махсудхан Нұғманұлы учаскелік полиция инспекторларына қауіпсіздікті арттыру жайында сенімін білдіріп, жаңа жер талғамайтын автокөліктердің кілтін табыс етті. 

МАҚСАТ ХАСЕНОВ ҚПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ

Қазір облыста қылмыс деңгейі азайып, криминогендік ахуал тұрақталған. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 262 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.