Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды. Халықты алдап, арам жолмен ақша тапқандар 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті аяқтады. Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды. «Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды».
Айта кетейік, қылмыстық заң бойынша қаржы пирамидасын құрғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады және мүліктері тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.