Төтенше жағдайлардың алдын-алу және азаматтық қорғау жүйесін басқару органдарымен техникалардың дайындығын тексеруге бағытталған. «Қыс 2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті. Жиынға төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері және еріктілер қатысты. Шара барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру,   қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын жұмылдыру бағытталып отыр. Оқу жаттығудың  I кезеңінде Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы ұымдастырылдыОған 146 адам мен 39 техника қарастырылған.

БЕКБОЛАТ ӘБДІҚАДЫРОВ  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД  БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.