Бүгін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары және жас зерттеушілер кеңесі мен ғылыми қызметкерлер, белсенді студент жастар қатысты.

БОЛАТ ТІЛЕП, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР: «Осындай ғылым апталығын біз биыл дәстүрлі түрде, әр жылдың өз ерекшелігі бар биылғы біздің ғылыми апталықтың толығымен осы Ұлы Абайдың 180 жылдығына арнайы арнап отырмыз. Одан бөлек біздің университетімізде осы соңғы 1 жылда жасақталған ғылыми инновациялық парк ашылғалы отыр, бұл парктың аясында бірнеше жаңа зертханалар жұмысын бастайтын болады».

Бұл апталық – жас ұрпақты ғылымға жетелейтін, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытатын, болашақ ғалымдарды тәрбиелейтін маңызды шара.Сондай-ақ, ғылым әлеміндегі жаңалықтармен танысуға, ғылыми қызығушылықты арттыруға таптырмас мүмкіндік. Айта кетейік, оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатындағы іс-шаралар легі 14 сәуірге дейін жалғасып, апталық аясында 120-ға жуық іс-шара ұйымдастырылмақ.