Абай облысында ауа температурасының күрт жылынуынан қар еріп, көпшілікті әбігерге салып жатыр. Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда.

Абай облысы Бақты ауылында еріген қар суы тұрғындардың түн тыныштығын бұзды. Көше бойын жағалап келген су, қара халықтың мал қорасы мен баспанасына дейін бойлаған. Тұрғындар жауаптылардың жалған сөздеріне наразылық білдіруде.

РАЗИЯ КӨКИЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына жерде тұрып МЧС-никтар ешқандай су кірген жоқ деп тура біздің дәл үйдің қасында айтып жатыр ғой. Неге кірген жоқ? Жаңағы тұрған үй осы әне ананың бәрі трещина берді. Ана жақтың бәрі, полдың бәріне құлағалы тұр. Мына үй білмеймін, үй болмайды ғой деймін. Өзі жаңа ғана жасаған болатын, әне ананың артын қарашы әне. Мынау шешемнің үйі, түк те су кірген жоқ дейді, неге кірмеді белуардан су көл болды».

ОРАЛХАН ЖАМАТАЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Су кірген жоқ дейді, жоқ су кірді. Неменеге өтірік айтамыз су кіргеннен қорыққанымыздан қашып, баларымда жүрек жоқ совсем. Мектепте мұғалімдер де келеді. Бәрі келеді деп балаларыма тоқтау айтып мектепке паналайын десем, одан шығарып жібергеннен кейін ағамның үйіне бардым".

Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда. Құтқарушылардың сөзінше су тұрғындардың келісімімен жіберілген.    

АЗАМАТ ОРЫНБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Бұл қызыл су келеді ғой. Күн далада ерігенде таулардан келеді де ағысы бүкіл ауылмен ағып кетеді ғой. Сол жерден жырып өткізіп жіберген кезде аулалардың ортасына арнайы өткізген жерлер бар. Оны мысалыға үйдің иесімен келісілген. Мысалы қора мен үйдің ортасымен арнайы өткізіп жібереді. Ол ағындар көп уақыттар алмайды. Жарты сағат, көп болса бір сағаттың ішінде ағып өтіп кетеді".

Су деңгейі қазір айтарлықтай төмендеген. Қардың қарасы әлі болғанымен, су ағысы басты бақылауда тұр.