"

Абай облысының Бесқарағай ауданы  Жетіжар ауылындағы сібір ойық жарасын жұқтырды деген күдікті тұрғынмен байланыста болған 92 адам анықталды. Ол тіпті осыдан бірер күн бұрын Курчатов қаласының  үш тұрғынымен саятшылық құрып аңға шыққан.  Қазір аймақта алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік кеше осы жағдайға байланысты Жетіжар ауылында ТЖ жарияланып, ауылдан кіріп-шығуға уақытша шектеу қойылған болатын. 

ШОЛПАН САДЫҚОВА  АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР МЕН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Барлығы 92  адам байланыста болғаны анықталды. Қазір олардың барлығы медициналық тексерістен өтті. Жағдайлары қанағаттанарлық және барлығы бақылауда. Науқасқа қатысты айтсам ПТР сынамасының нәтижесі теріс, басқа зерттеулер жүргізілуде».

ЕРЖАН БАРЫШЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауруға күдікті малдар анықталған жоқ. Сонымен қатар елді мекенде ауруға күдікті лажсыз сойылу не болмаса басқа малдың өлім жітімі тіркелген жоқ.Адам тіркелуіне байланысты ветеринария тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Жерден  сынама алынды, малды ауырған адам тоңазытқышындағы еттен сынама алынды бүгінгі таңда. Оның бәрі зертханада тексерілді.Әлі ешнәрсе анықталған жоқ ол жерде».