Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға деп мемлекет бөлген қаржыны аса ірі көлемде жымқырған бірнеше лауазымды тұлға мен шаруа қожалықтарының басшылары ұсталды. Қостанай облыстық қаржы мониторинг агенттігі қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 49 адамды құрықтады. Олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшелері. Қызметін асыра пайдаланған Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мен өңірлік шаруа қожалықтарының директорлары өзара сыбайлас болып, мемлекеттік субсидияларды жымқырып, салық төлеуден ұзақ жылдар бойы жалтарып отырған.
Нәтижесінде, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілермен 107 млн теңге өтеліп, 3,1 млрд теңге көлемінде мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.