"

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Кездесуде спортшылар жарыста алған әсерлерімен бөлісті.

Еліміздің құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Азия ойындарынан оралды. Бүгінгі кездесуде грек-рим күресі, спорттық гимнастика, оқ ату, жағадай волейболы, су добы сынды Азия ойындарының жүлдегерлері қатысты. Жүлдегерлер журналисттердің қойған сауалдарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

ДЕНИС РОВКИН ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:«Азиядадағы турнир біз үшін ақтық ойын болды. Жағажай волейбол ойынын жақсы нәтижемен аяқтағанымызға қуаныштымыз. Қола жүлде бұл спорт түрі үшін өте үлкен жетістік. Енді, алдағы уақытта елімізде болатын олимпиада ойындарының екінші кезеңіне дайындықты бастаймыз. Бұл біздің еліміз үшін үлкен оқиға болмақ. Себебі, Қазақстанда бұрын-соңды бұндай турнир өтпеді».

Ел намысын қорғауға кеткен әрбір спортшымыз барлық қиындықтарға төтеп беріп, отанына жеңіспен оралды. Спортшыларымыз Азия ойындарының қорытындысы бойынша ұлттық құрама әртүрлі номинациядағы 80 медальға ие болды. Ел қоржынында 10 алтын, 22 күміс, 48 қола жүлде бар. Сонымен қатар, қатысушылар неліктен осы жылы еліміз 11 орынға түсіп қалғаны жөнінде де пікір білдіре кетті.

АЗАТ ТҰЯҚБАЙҰЛЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2023 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Біздің команда 1 жыл бойы жарыстарға шығып, өте жақсы дайындалды. Барлық жағдайға дайын болдық. Біреуге бақ шаба ма, бап шаба ма деген сөз бар ғой. Менің ойымша, кейбір қатысушыларға сәттілік жетіспеді. Біз өзімізбен біраз жұмыс жасап, алған жарақатымызды емдеп, ары қарай жарысқа шыға береміз. Ал, басқа спортшыларға мүмкін мотивация, спонсор немесе алдыға қадам жасау жетіспеді».

Сөз соңында бас бапкер Денис Ровкин елімізге жақсы спорт залдар жетіспейтінін тілге тиек етті.

ДЕНИС РОВКИН ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: «Біздің ең үлкен және ащы проблемамыз – жаттығу орнының жетіспеуі. Жылына 6-7 ай біз жағажай волейбол ойындарына жаттыға алмаймыз. Себебі, бізде құмды дайындық залдар жоқ. Бұрын бізді жарысқа дайындалу үшін жылы ауа-райлы шетелдерге жіберетін. Қазір, финанс жағдайы ақсап тұрғандықтан, ондай мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан, осы Алматы қаласынан құмды дайындық залдарын соғып берсе дейміз».

Спортшылар жарыста әртүрлі ауа-райының қиындықтарына қарамастан ел намысы үшін аянбай күш салған. Басты мақсат – елге жүлделі орынмен оралу. Ендігі кезекте  алған жарақаттарын емдеп, біраз уақытта алдағы болатын ойындарға қызу дайындықтарын бастамақ.

АЗАТ ТҰЯҚБАЙҰЛЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2023 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Республика күніне орай, еліміздің көк байрағы әрдайым бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!»