Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелді киімінен тартып, сүйреді. Оның видеосы телеграмм каналдардың бірінде пайда болды. Арна мәліметінше, бұл 10 сәуір күні болған. Кадрдан жас жігіт орындықта отырған әйелге жақындап келіп, оның мойнынан ұстап, киімнен тартып сүйрегенін көруге болады. Өтіп бара жатқан адамдар әйелді шабуылдаушыдан арашалап қалды. Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПРОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталды. Күдікті ер адам ұсталды. Жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.