Бүгінде Алматыда Тілендиев көшесі бойымен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде. Эксперименттік тәртіпте бұл учаскеде жердегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдындағы апатты жағдайларды болдырмау үшін зигзаг таңбасы қолданылды. Бұл жолақ ҚР Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілмеген.
Айтулы белгілер көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап келе жатқанын білдіру үшін қолданылады.Сонымен қатар, мұндай сары жолақ бұл учаскеде басып озуға, кері жүруге, осы аймақта қайта бұрылуға болмайтыны туралы қосымша дабыл ретінде қызмет етеді. Көрсетілген эксперимент оң нәтиже берген жағдайда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері ауданында зигзаг таңбасын қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Ең танымал зигзаг таңбасы 1970-ші жылдардан бастап, алдымен Ұлыбританияда, содан кейін басқа елдерде қолданыла бастады. Жолдардағы ерекше жолақтар басқа жол белгілеріне қарағанда тиімді болып шықты және жаяу жүргіншілер мен көлік иелерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектесті.