Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Ноғайбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, бір жасар бала қаза тапты. ТЖД-нің қызметкерлері қызыл жалыннан 50 литр газ баллонын эвакуацияланған.

Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілер ағаштан салынған жеке үйдің шатыры, шаруашылық ғимараты және уақытша салынған үй-жайдың отқа оранғанын анықтаған. 

АРМАН МАКЕНОВ ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ТЖБ БАСШЫСЫ: «12 қыркүйекте сағат 23:32-де ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, ашық жалынмен, ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың S=200 шаршы метрдегі отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндалды. Жоғары өрт жүктемесінің салдарынан ол тез таралып кеткен. Үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) салынған».

Қызыл жалынды сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып қалған. Олар 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел адам. Ерлі-зайыптылар  №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді. Өкінішке қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болған.